ТЖ министрлігінде сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша Қытай Халық Республикасының делегациясымен жұмыс кездесуі өтті

ТЖ министрлігінде сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша Қытай Халық Республикасының делегациясымен жұмыс кездесуі өтті

  2025 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Рамиль Камаловтың төрағалығымен Қытай Халық Республикасының Зілзалалар әкімшілігі төрағасының орынбасары бастаған делегациямен жұмыс кездесуі өтті.

  Кездесу барысында сейсмикалық тәуекелдерді азайту саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды. Негізгі назар сейсмология саласындағы тәжірибе, ғылыми деректер және озық технологиялармен алмасуға арналған алаң ретінде құрылатын Қазақстан-Қытай жер сілкінісін зерттеу орталығын құру жөніндегі бірлескен жобаны іске асыруға аударылды.

  Жұмыс кездесуі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының әкімдігі және Қытай Халық Республикасының Зілзалалар әкімшілігі арасында сейсмикалық тәуекелдерді азайту саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық жөніндегі үшжақты меморандумды іске асыру аясында өтті.

  Қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ынтымақтастықтың дәйекті дамуын көрсетіп, Қазақстан мен Қытайдың сейсмикалық қауіпсіздікті нығайтуға және ұлттық тұрақтылықты арттыруға деген өзара қызығушылығын айқындайды.

  Сейсмикалық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады. Екі тарап та сейсмикалық осалдықты азайту және халықты қорғау деңгейін арттыруға бағытталған белсенді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін растады.