2025 жылғы 18 қыркүйекте Душанбе қаласында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жөніндегі ТМД мемлекетаралық кеңесінің XXXVII отырысы өтті.
Отырысқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.
Қазақстан делегациясын төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Рамиль Камалов басқарды. Делегация құрамында халықаралық ынтымақтастық департаментінің басқарма басшысы Арман Кәріпбаев та бар.
Кеңес жұмыс нәтижелерін қорытындылап, 2025–2026 жылдарға арналған негізгі іс-шаралар жоспарын бекітіп, отырыстың соңғы шешімін қабылдады.
Өз сөзінде Рамиль Камалов Қазақстан ТЖМ азаматтық қорғау жүйесін дамыту, жедел ден қою күштерінің дайындық деңгейін арттыру, заңнаманы жетілдіру, өрт, өндірістік және сейсмикалық қауіпсіздік талаптарын күшейту шараларына тоқталды.
Сапар аясында делегация Тәжікстанның Ұлттық құтқарушылар даярлау орталығын аралап, іздестіру-құтқару қызметтерінің көрсетілім жаттығуларын тамашалады.