Өрт қауіпті кезең: қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар

Өрт қауіпті кезең: қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар

  Елімізде өрт қауіпті кезең жалғасуда. Өрттің алдын алу үшін бақылау күшейтілді және профилактикалық жұмыстар белсенді жүргізілуде.

  Демалыс орындары мен табиғи алқаптарда 15 мыңнан астам рейд ұйымдастырылды; өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 4 560 азамат жауапкершілікке тартылды; 378 өрт тактикалық оқу-жаттығу өткізілді; 58 212 нұсқау, 4 997 жиналыс, 2 561 дөңгелек үстел ұйымдастырылып, барлығы 395 мыңнан астам адам қамтылды.

  Төтенше жағдайлар министрлігінің, полицияның, орман және табиғатты қорғау қызметтерінің қызметкерлерінен құралған мобильді топтар жұмыс істейді.

  Өрт жағдайына тәулік бойы бақылау жүргізіліп, авиация мен ұшқышсыз ұшу аппараттары пайдаланылуда, бекеттер қойылған.

  Маусым басталғалы бері елімізде 549 орман өрті, дала алқаптарында 34 өрт және 2 294 құрғақ шөптің жану оқиғасы тіркелді.

  Өрттің негізгі себептері өзгеріссіз қалуда: от жағу, сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелер, отты абайсыз пайдалану, шөптер мен қоқысты рұқсатсыз жағу, балалардың отпен ойнауы.

  ТЖМ азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Сергек болыңыз және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, от жақпаңыз, қоқыс пен құрғақ шөпті өртемеңіз.  Балаларға от пен сіріңке ойындарының қауіптілігі туралы түсіндіріңіз. Есіңізде болсын: өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Өрт анықталған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.

  Әр адамның жауапты мінез-құлқы — табиғаттың, мүліктің және адамның өмірінің сақталуының кепілі.