ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының 100 курсанты ант қабылдады

ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының 100 курсанты ант қабылдады

  2025 жылғы 13 қыркүйекте Көкшетау қаласындағы «Абылай хан» алаңында Қазақстанның ТЖМ Мəлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының күндізгі оқу факультетінің 100 курсантының салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті.

  Іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Кеген Тұрсынбаев, Академия бастығы Жұмабек Хасенов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев, сондай-ақ жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, курсанттардың ата-аналары қатысты.

  Курсанттардың алдында құттықтау сөз сөйлеген вице-министр Кеген Тұрсынбаев олардың кәсіби таңдауының маңыздылығын атап өтіп:

 «Азаматтық қорғау органдарындағы қызмет – бұл жай мамандық емес, бұл жүрек қалауы. Сіздер ерлік пен жанқиярлықты талап ететін жолды таңдадыңыздар. Мен сіздерге мықты рух, берік тәртіп және өз борышыңызға деген шексіз адалдық тілеймін. Бұл ант сіздерге әрдайым жол көрсетіп, адал қызмет етуге күш пен сенім берсін», — деп айтты.

  Ақмола облысы әкімінің орынбасары, Академия ардагерлер кеңесінің төрағасы, курсанттың ата-анасы мен курсант Жұлдызай Шаймұратова болашақ құтқарушыларға жылы лебіздерін білдірді.

  Ант қабылдау рәсімі жас курсанттардың өміріндегі ерекше сәт болып, олардың азаматтарды қорғауға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және төтенше жағдайларда шұғыл ден қоюға дайын екенін көрсетеді.

  Академия гендерлік теңдік мәселелеріне ерекше көңіл бөледі: ант қабылдаған курсанттардың арасында Отан қорғаушысы болу қиын әрі абыройлы мамандықты саналы түрде таңдаған қыздар да бар.

  Салтанатты рәсім курсанттардың маршымен аяқталды, ол олардың бірлік, тәртіп және антқа адалдығының символына айналды. Іс-шара соңында екінші курс курсанттары Академияның гимнін орындады.