ТЖМ басшысы Қарқаралыда әмбебап құтқару бөлімшесін ашты

ТЖМ басшысы Қарқаралыда әмбебап құтқару бөлімшесін ашты

  Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында тарихи деп айтуға болатын оқиға болды. Қалада Қазақстанда алғаш рет ашылған әмбебап құтқару бөлімшесі өз жұмысын бастады.

  Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, жергілікті билік өкілдері, азаматтық қорғау ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты.

  Қазақстанның ТЖМ басшысы республикалық бюджет есебінен сатып алынған, озық жабдықтармен жарақталған жаңа авариялық-құтқару автомобильдерінің кілттерін табыстады.

   «Мемлекет басшысы туризмді дамыту кешенді көзқарассыз мүмкін емес екенін бірнеше рет атап өтті. Қарқаралы — Қазақстандағы ең көрікті әрі тарихи маңызды орындардың бірі, сондықтан жергілікті тұрғындар мен өңір қонақтары үшін тек демалысқа ғана емес, сондай-ақ толық қауіпсіздікке де жағдай жасау — біздің міндетіміз.

  Бұл бөлімше өңір үшін сенімді тірекке айналады. Оның басты ерекшелігі мамандардың өрт сөндірумен қатар, құтқару, іздестіру және алдын алу шараларын да кешенді түрде атқара алуында», — деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.

  Қарқаралы ауданы ормандары, таулары және туристік маршруттарымен танымал, сондықтан құтқарушылардың тәулік бойы кезекшілігі ерекше маңызға ие. Жаңа бөлімше жедел, тиімді әрі сенімді ден қоюға мүмкіндік беріп, өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

   Жеке құрамға жасалған жағдайға да ерекше көңіл бөлінді. Ғимаратта ведомстволық «Batyr team» клубының жаттығу залы, психологиялық жеңілдену бөлмесі, асхана, душ кабиналары, әкімшілік кеңселер, өрт сөндіру және құтқару техникасына арналған кең ангар жабдықталған, сондай-ақ жаңа нысанды киім-кешек қарастырылған.

  Қарқаралыда әмбебап құтқару бөлімшесінің ашылуы — бұл тек аудан үшін ғана емес, еліміздің азаматтық қорғау жүйесі үшін де алға жасалған маңызды қадам.