Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасының аумағындағы кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидаларын және аумағында бірыңғай кезекші-диспетчерлік «112» қызметінің өкілеттігін бекітіп, әділет органдарында тіркеді. Бұл құжат азаматтық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаңа редакция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №701 қаулысымен бекітілген Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 69) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Құжат БКДҚ басқармаларын, ІІМ полиция кезекші бөлімшелерін, жедел медициналық жәрдем мен санитарлық авиацияның диспетчерлік қызметтерді, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметтері, әуе кемелерін іздестіру және құтқару орталығын, коммуналдық апаттық қызметтер мен байланыс операторларының анықтама қызметтерін қоса алғанда бірыңғай кезекшілік және жедел қызметтердің өзара іс-қимыл тәртібін белгілейді.
Барлық аталған құрылымдар төтенше жағдайларға, азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қатерлерге жедел ден қою мақсатында тығыз үйлесімділікпен жұмыс істейді. Бұл ақпараттың жедел жеткізілуін, іс-қимылдардың келісімділігін және қажетті ресурстардың 112 бірыңғай нөмірі арқылы бағытталуын қамтамасыз етеді.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде БКДҚ басқармалары өзара іс-қимыл жасайтын барлық қызметтердің әрекеттерін үйлестіреді. Осы мақсатта олар мүдделі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған және өңірлердегі қолданыстағы байланыс инфрақұрылымын пайдаланады.
Өзара іс-қимыл үш негізгі режимде ұйымдастырылған: күнделікті қызмет – дайындықты қамтамасыз ету және ақпарат алмасу; жоғары әзірлік режимі – күшейтілген мониторинг пен ресурстарды әзірлеу; төтенше жағдай режимі – жедел ден қою, басқару және қажетті күштер мен құралдарды жіберу.
Енгізілген өзгерістер Қазақстан Республикасының барлық аумағында жедел ден қою жүйесінің тиімділігін және халықтың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.