ТЖМ аумақтық қорғаныс пен қорғаныс өнеркәсібі салаларында жаңа функциялар жүктелді

ТЖМ аумақтық қорғаныс пен қорғаныс өнеркәсібі салаларында жаңа функциялар жүктелді

  «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына толықтырулар енгізілді. Енді құзыретіне сәйкес Төтенше жағдайлар министрлігі:

  аумақтық қорғанысты жоспарлауға қатысады;

  жұмылдыру тапсырмасы негізінде арнайы құралымдар құрады және оларды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етеді;

  аумақтық қорғаныс жоспарларына сәйкес ведомстволық бағынысты объектілерді қорғауды және олардың қорғанысын жүзеге асырады;

  әскери басқару органдарынан алынған ақпарат негізінде халықтың қауіпсіздігіне төнген тікелей қатер туралы алдын ала хабар беруді және құлақтандыруды қамтамасыз етеді;

  орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, эвакуациялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырады;

 азаматтық қорғау органдарын аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға жан-жақты дайындауды жүзеге асырады және олардың ұдайы әзірлікте болуын қамтамасыз етеді;»

  Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды жою мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттері шегінде қатынас жолдарын техникалық қамту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;

  әскери-патриоттық тәрбие жүйесін дамыту мен ілгерілетуге бағытталған іс-шараларға қатысады;

  Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңесімен тікелей өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

  қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

  әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;

  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның бірінші басшысының актісі негізінде мемлекеттік орган шегінде әскери мүлікті береді;

  өздерінің жедел басқаруындағы қару-жарақ пен әскери техниканың айналымына бақылауды жүзеге асырады;

  мүлікті пайдаланылмайтын деп тану туралы шешім қабылдайды;

  Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға қажет болған кезде береді;

  қару-жарақ пен әскери техниканы сатып алуға жаңа үлгілері мен ұсынылатындары үшін тактикалық-техникалық сипаттамаларды айқындайды;

  мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды жүзеге асырады және бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын оларға жеткізеді;

  өз құзыреті шегінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;

  қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың тәжірибелік үлгілерін қарулануға, жарақтандыруға, жабдықтауға және пайдалануға қабылдап алуды жүзеге асырады;

  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери ұлттық стандарттарды әзірлейді, келіседі, әзірлеуге, өзгертуге және олардың күшін жоюға қатысады;

  мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаға) сәйкестігін қамтамасыз етеді;

  мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайда, орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді бекітеді;

  қызметтік тұрғынжайларды ұстау және орталықтандырылған жылу беру бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

  далалық төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

  азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді».