«30 игі іс» акциясы: құтқарушылар улы газ датчиктерін орнатуда

«30 игі іс» акциясы: құтқарушылар улы газ датчиктерін орнатуда

  Қазақстан ТЖМ 30 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық «30 қайырымды іс» акциясы аясында еліміздің өңірлерінде әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтардың тұрғын үйлеріне улы газ датчиктерін орнату жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Акция шеңберінде құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен, волонтерлермен және қоғам өкілдерімен бірлесе отырып, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі қағидаларын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, сондай-ақ жылыту және электр құрылғыларының жай-күйін тексеру жұмыстары атқарылуда.

  Іс-шаралардың негізгі мақсаты — улы газбен уланудың алдын алу және тұрғын үй секторындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру. Ерекше назар көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға, жалғыз тұратын зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға және әлеуметтік жағынан осал өзге де санаттағы азаматтарға аударылуда.

  Астана қаласында құтқарушылар волонтерлермен және әкімдік өкілдерімен бірлесе отырып, пансионаттар мен қарттар үйлерінде кешенді жұмыс жүргізуде.

  Іс-шара барысында тұрғындарға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, түтін мен улы газ датчиктері орнатылды, өрт сөндіргіштер табысталып, оларды пайдалану нұсқауы өткізілді. Сонымен қатар пешпен жылыту жүйесінің және электр сымдарының жай-күйі тексеріліп, жалғызбасты зейнеткерлерге мұржаларын тазалауға көмек көрсетілді.

  Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар тұрғын үйлерге улы газ датчиктерін орнатып, баспаналарды өртке қарсы қауіпсіз жағдайға келтіруге көмек көрсетті. Сонымен қатар тұрғындарға пешпен жылыту жүйесін пайдалану ережелері, оны қысқы маусымға дайындау тәртібі түсіндірілді.

  Қарағанды облысында 500-ден астам улы газ датчигі орнатылып, ондаған мұржалар тазартылды. Акцияға «Аманат» партиясының депутаттары мен «Жастар рухы» жастар қозғалысының волонтерлері қатысып, ТЖМ бастамасын белсенді қолдады.

  Қызылорда облысында 484 дана улы газ датчигі орнатылды. Тұрғындарға жылыту пештерін жөндеуге, зақымданған электр сымдарын қалпына келтіруге және мұржаларды тазалауға көмек көрсетілді.

  Жамбыл облысында құтқарушылар газ қызметтері мен «Аманат» партиясының жастар қанаты — «Жастар рухы» волонтерлерімен бірлесе отырып, ауқымды рейд өткізді. Іс-шара барысында 180 үйге барып, 630-дан астам тұрғынға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әр отбасыға жылыту құралдарын қауіпсіз пайдалану және газ датчиктерін орнатудың маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі кеңестер берілді.

  Елімізде жылу беру маусымына дайындық басталғалы 2 270 дана улы газ датчигі орнатылды.

  ТЖ министрлігі азаматтарды пеш жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтауға шақырады. 

  Жылыту пештері мен жүйелерінің түтін мұржалары, мұржалары және басқа да элементтері жылыту маусымы басталар алдында, сондай-ақ жылыту маусымы кезінде күйеден тазартылуы тиіс: үш айда бір рет – жылыту пештері үшін; үздіксіз жұмыс істейтін пештер мен ошақтар үшін – екі айда бір рет.

  Пешпен жылытуды пайдалану кезінде:

  жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды балаларға тапсыруға;

   қатты отынмен жанатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;

  жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жағу алдындағы параққа орналастыруға;

   саңылауларды жобалау нормаларында көзделмеген ысырмаларды (жапқыштарды) пайдалануға;

   ақаулары, жарықтары және саңылаулары бар пештерді жағуды жүзеге асыруға жол берілмейді.