ТЖМ аумақтық бөлімшелеріне таулы жерлерде жүру маршруттары туралы хабарлау қағидалары бекітілді

ТЖМ аумақтық бөлімшелеріне таулы жерлерде жүру маршруттары туралы хабарлау қағидалары бекітілді

  ТЖ министрлігі «Өмір үшін қауіп-қатері жоғары болуына байланысты жетуі қиын жерлердің, су, таулы және спелеологиялық объектілердің тізбесін және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына хабарлау қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 27 тамыздағы № 363 бұйрығын әзірледі. Ол Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 тамыздағы № 36696 тіркелді.

  Осы бұйрықпен Өмір үшін қауіп-қатері жоғары болуына байланысты жетуі қиын жерлердің, су, таулы және спелеологиялық объектілердің тізбесі, сондай-ақ Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына өмір үшін қауіп-қатері жоғары болуына байланысты жетуі қиын жерлердің, су, таулы және спелеологиялық объектілер бойынша жүру маршруттары туралы хабарлау қағидалары бекітілді.

  Осы Қағидалар «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2) тармағының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және аумақтық органдарына өмір үшін қауіп-қатері жоғары болуына байланысты жетуі қиын жерлердің, су, таулы және спелеологиялық объектілер бойынша жүру маршруттары туралы хабарлау тәртібін айқындайды.

  Жеке тұлғалар саяхат басталғанға дейін өмір үшін қауіп-қатері жоғары болуына байланысты жетуі қиын жерлер, су, таулы және спелеологиялық объектілер бойынша саяхат кезінде жүру маршруттары туралы аумақтық органды хабарлама нысанында мынадай тәсілдердің бірімен: «eQonaq» ақпараттық жүйесінде және оның мобильді қосымшасында; аумақтық органның ресми сайтында көрсетілген аумақтық органының электрондық пошта мекенжайы бойынша; 112 бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет телефоны бойынша хабарлайды. Хабарлама мынадай мәліметтерді: жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және байланыс деректерін.

  Топтық саяхат кезінде аумақтық органды хабарлау топ мүшелерінің бірімен тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), топ мүшелерінің санын және олардың байланыс деректері, қозғалыс бағыты (бағыттың басталу және аяқталу орны, бағыттың ұзақтығы, болжамды қону және демалу орындары) туралы ақпаратты көрсетіле отырып жүзеге асырылады.

  Аумақтық органдар өмір үшін қауіп-қатері жоғары болуына байланысты жетуі қиын жерлердің, су, таулы және спелеологиялық объектілер бойынша жүру маршруттары туралы хабарлауды тіркеуді жүзеге асырады.