Абай облысының Михайличенково ауылында жаңа ерікті өртке қарсы құралым пункті ашылды

Абай облысының Михайличенково ауылында жаңа ерікті өртке қарсы құралым пункті ашылды

  Абай облысы Бородулиха ауданының Михайличенково ауылында ТЖМ «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ерікті өртке қарсы құралымдарын қолдау мақсатында «Новая заря» ЖШС базасында жаңа өрт сөндіру пункті ашылды. Бұл пункт жергілікті атқарушы органдардың иелігінде.
  Іс-шараға Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Алексей Штыкель, Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Сапуров, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ауыл тұрғындары және Бородулиха ауданы ТЖ бөлімі қызметкерлері қатысты.
   Өрт сөндіру пунктінің ашылуы – ауыл тұрғындары үшін маңызды оқиға болып табылады, ол қауіпсіздік деңгейін арттыруға және төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Жаңа өрт сөндіру пункті өрт шыққан жерге бөлімшелердің келу уақытын едәуір қысқартып, ықтимал залалды азайтуға септігін тигізеді.
  Өз сөзінде департаменттің орынбасары азаматтық қорғау инфрақұрылымын шалғай елді мекендерде дамыту маңызды екенін атап өтіп, жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен жергілікті атқарушы органдарға алғыс білдірді.
  Аталған өрт сөндіру пунктінің қызмет көрсету аймағына жалпы саны 609 адам тұратын бір елді мекен кіреді. Өрт сөндіру пункті қажетті техникалармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, ал жеке құрам тиісті дайындықтан өткен.