Уәкілетті органның жаңа функциясы – өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру

Уәкілетті органның жаңа функциясы – өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру

  «Азаматтық қорғау туралы» Заңға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру тиісті рұқсат болған жағдайда ғана мүмкін болады.

  Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беруді уәкілетті органның ведомствосы, атап айтқанда ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті жүзеге асыратын болады.

  Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру тәртібі Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрығымен бекітілген және нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2025 жылғы 29 тамызда №36734 болып тіркелген.

  Осы бұйрыққа сәйкес тиісті рұқсат дара кәсіпкерлерге немесе заңды тұлғаларға Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 14 тамыздағы №322 бұйрығымен бекітілген және нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2025 жылғы 20 тамызда №36640 болып тіркелген рұқсат беру талаптарына толық сәйкес келген кезде берілетін болады.

  Рұқсат беру 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесіндегі «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет түрінде жүзеге асырылатын болады.