Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кубогына VIII турнирі басталды

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кубогына VIII турнирі басталды

  Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кубогына VIII турнир өтуде. Жарысқа еліміздің ең мықты 13 ерлер арасындағы, 10 әйелдер арасындағы құрама командаларынан 300-ге жуық спортшы қатысуда. Бірінші күні ерлер және әйелдер 100 метр кедергілері бар жолақта бақ сынасты.

  Жарыстың алғашқы минуттарынан бастап спортшылар арасында қызу сайыс басталды.

  Ерлер арасында 100 метр кедергілері бар жолақ бойынша жүлдегерлер:
1 орын - Абильбаев Дінмұхамед (Алматы қаласы)
2 орын - Шакенов Абзал (Алматы қаласы)
3 орын - Текенов Бауыржан (Қарағанды облысы)

  Әйелдер арасында 100 метр кедергілері бар жолақ бойынша:
1 орын - Реджеметова Ситора (Түркістан облысы)
2 орын - Серикханова Алла (Астана қаласы)
3 орын - Чернова Ольга (Түркістан облысы)

  «Қарасай» стадионында жарыстардың салтанатты ашылуы өтті. Ашылу рәсіміне ТЖ вице-министрі Рамиль Камалов, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дәурен Данаев, Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Жомарт Аскаров қатысты.

  Ертең жарыс шабуыл сатысымен көтерілу бойынша жалғасады.