ТЖМ Қазселденқорғау басшысы тағайындалды

ТЖМ Қазселденқорғау басшысы тағайындалды

  ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев «Қазселденқорғау» ММ ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

  Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығына сәйкес Сабыржанұлы Аслан «Қазселденқорғау» ММ басшысы болып тағайындалды.

  Сабыржанұлы Аслан 1983 жылы Алматы қаласында туған. Білімі жоғары.

  Әр жылдары мемлекеттік органдарда және жеке құрылымдарда жұмыс істеді. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Селденқорғау Құрылыс» ШЖҚ РМК директоры лауазымында қызмет атқарды.