ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры тағайындалды

ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры тағайындалды

  ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

  Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығына сәйкес Сұлтанбеков Жапсарбай Сұлтанбекұлы Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры болып тағайындалды.

  Жапсарбай Сұлтанбеков 1982 жылы Шымкент қаласында туған. Білімі жоғары. Әр жылдары жеке құрылымдарда, мемлекеттік органдарда және банк саласында жұмыс істеді. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» ММ басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

  Жаңа басшыны тағайындау орталықтың әлеуетін нығайтуға, ғылыми зерттеулерді дамытуға, сондай-ақ елдегі сейсмикалық қауіп-қатерлерді мониторингілеу және ескерту жүйесін жетілдіруге бағытталған.