Ерболат Садырбаев ТЖ вице-министрі болып тағайындалды

Ерболат Садырбаев ТЖ вице-министрі  болып тағайындалды

  ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен бұрын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» ММ басшысы болған Садырбаев Ерболат Алтынбекұлы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды.

  Ол 1982 жылы Жамбыл облысында туған. Білімі жоғары, мемлекеттік және жергілікті басқару докторы (PhD).

  Әр жылдары жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдарда, сот жүйесінде, ҚР Президенті Іс Басқармасында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.