Жамбыл облысы Талас ауданының Үшарал ауылында ҚР ТЖМ «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңартылған ерікті өртке қарсы пункт жұмысын бастады, ол жергілікті атқарушы органдардың теңгерімінде.
Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов қатысты.
«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы еліміздің барлық өңірлерін қамтиды және жергілікті жерлерде қауіпсіздік деңгейін арттыруда тиімділігін көрсетіп келеді. Ерікті құралым халықты қорғау жүйесінің маңызды бөлігіне айналуда. Министрлік өрт қауіпсіздігін нығайту және еріктілер желісін дамыту бағытында жергілікті атқарушы органдарға қолдау көрсетуді жалғастырады», – деді Қазақстан ТЖМ басшысы атап өтті.
Пункт екі ауылдық округ пен бес елді мекеннің, шамамен 4 мың тұрғынның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Еріктілерге заманауи жабдықтар, арнайы құралдар мен нысанды киімдер табысталды.