Тоғызкент ауылында жаңартылған ерікті өртке қарсы пункт ашылды

Тоғызкент ауылында жаңартылған ерікті өртке қарсы пункт ашылды

  Жамбыл облысы Сарысу ауданының Тоғызкент ауылында Қазақстан Республикасы ТЖМ «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңартылған ерікті өртке қарсы пункт ашылды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан (@112kz_)

  Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, облыс басшылығы, ТЖ департаментінің өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.

  Жергілікті атқарушы органдардың иелігіндегі ерікті өртке қарсы пункт екі ауылдық округке және жеті елді мекенге қызмет көрсетеді, онда шамамен үш мыңға жуық халық тұрады. Пункттің жұмысын қамтамасыз ету үшін өрт-техникалық жабдықтар, арнайы құралдар және жаңа үлгідегі нысанды киімдер берілді.

  ТЖМ басшысы мұндай пункттерді құру өртке қарсы жүйені дамыту мен ауылдық жерлердегі төтенше жағдайларға жедел ден қою тиімділігін арттырудың маңызды тетігі екенін атап өтті.

  «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасын іске асыру өртке қарсы қорғауды нығайту мен ерікті құрылымдарды дамытуға ықпал етеді.