Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт-құтқару спортынан ерлер мен әйелдер арасындағы VIII кубогына турнир өтеді.
2025 жылғы 3–7 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2025 жылға арналған бірыңғай спорттық іс-шаралар күнтізбелік жоспарына сәйкес «Қазақстанның өрт сөндірушілері мен құтқарушыларының спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қолдауымен Петропавл қаласындағы «Қарасай» мен «Жастар» стадиондарында ерлер және әйелдер арасында өрт-құтқару спортынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің VIII кубогына турнир өтеді.
2024 жылғы қорытынды бойынша еліміздің облыстары мен қалаларынан іріктелген үздік құрамалар – ерлер арасында 13, әйелдер арасында 10 команда қатысады. Шамамен 300 спортшы төрт жаттығу түрі бойынша: шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру, 4х100 метрлік өрт сөндіру эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю ең мықты атағы үшін бақ сынайды.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру-құтқару спортынан ерлер және әйелдер арасындағы ұлттық құрама командалары іріктеліп құрылады. Іріктеуден кейін олар қазан айында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін әлем чемпионаттарына дайындық жүргізеді.