Жарыстың бірінші күні Қазақстан Республикасының жаңа ұлттық рекордтары орнатылды. Екі спортышы күміс жүлде иегері атанды.
24 тамыз Ресей Федерациясының Саранск қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XIV жасөспірім ұлдар арасындағы әлем чемпионатының және X жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатының бірінші кезеңі өтті.
Жарыстың салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға қатысушы құрама командалар, төрешілер, жаттықтырушылар, Ресей Федерациясы ТЖМ басшылығы, Қазақстан мен Мордовия Республикаларының өкілдері қатысты. Ашылу салтанаты кезінде финалдық жүгірістер өткізілді.
Жасөспірім ұлдар арасындағы оқу мұнарасының 2-қабатына шабуыл сатысымен көтерілуде Боков Никита 7,26 секунд нәтижесімен рекордты жаңартып, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Жасөспірім қыздар арасындағы оқу мұнарасының 2-қабатына шабуыл сатысымен көтерілуде Бунякина Анастасия әлемнің үздік төрттігіне еніп, финалдық жүгірістің нәтижесі бойынша екінші орын иеленді.
Командалық есепте Қазақстан Республикасының жасөспірім ұлдар және қыздар құрамалары 3-орынға ие болды.
Бүгін жарыс кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өтумен жалғасады.