Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызмет өткеруі және әлеуметтік қорғалу мәселелерін құқықтық реттеу мақсатында Әскери немесе төтенше жағдайдың қолданылуы немесе терроризмге қарсы операция жүргізу кезеңінде немесе қарулы қақтығыс жағдайларында немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерде төтенше жағдайларды жою немесе өрттерді сөндіру жөніндегі міндеттерді орындау кезінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызмет мерзімін есептеу және оларға ақшалай қамтылым төлеу қағидалары әзірленіп, 2025 жылғы 13 тамыздағы № 317 бұйрығымен бекітілді.
Осы Қағидалар жоғары тәуекел жағдайында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде еңбек сіңірген жылдарын есептеу тәртібін, ақшалай қаражатты есептеу, сондай-ақ төлеу ерекшеліктерін регламенттейді.
Қағидаларда мынадай негізгі ұстанымдар жазылған:
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін әскери немесе төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде төтенше жағдайларды жою немесе өрттерді сөндіру, терроризмге қарсы операцияны жүргізу, қарулы қақтығыс жағдайында, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде міндеттерді орындауға тарту уақыты қызметтің бір күні үш күнге еңбек сіңірген жылдарына есептеледі.
Ұқсас жағдайларда ақшалай қамтылым да бір күн үш күнге тең коэффициент бойынша есептеледі, бұл қауіптілігі жоғары жағдайда қызмет атқарғаны үшін қаржылық өтемақы түрі болып табылады.
Осы Қағидаларды қабылдау әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудегі, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға, әсіресе қиын жағдайларда қосқан үлесін мойындаудағы маңызды қадам болды.
Төтенше жағдайлар министрлігі өз қызметкерлеріне әлеуметтік және құқықтық қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру бағытындағы жұмысын жалғастырып, күн сайын өзгенің өмірі үшін басын қатерге тігіп жүрген қызметкерлерге лайықты қызмет ету жағдайын жасауын жалғастырады.