2026 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінің алдында Қазақстанның өңірлерінде су тасқыны салдарынан туындауы мүмкін төтенше жағдайларға дайындық бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Ауқымды инженерлік және ұйымдастыру іс-шаралары іске асырылуда.
Ақмола облысында су тасқыны кезеңіне дайындық кешенді жоспары аясында инженерлік шаралар белсенді іске асырылуда. Құжат 141 елді мекенде 227 іс-шараны қамтиды. Негізгі бағыттарға су тасқынынан қорғау үшін үйінділерді салу және нығайту, өткізу қабілетін арттыру үшін арналар мен арықтарды тазарту, кеңейту және тереңдету, су өткізу құрылыстары мен көпірлерді ауыстыру және жөндеу кіреді. Бүгінгі таңда 63 іс-шара аяқталды, 83-і белсенді жүзеге асырылуда, 80-і бойынша дайындық жұмыстары жалғасуда. Облыс әкімдігінде жергілікті атқарушы органдар, коммуналдық қызметтер өкілдерінің және су шаруашылығы мамандарының қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті. Отырыста гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі, сондай-ақ өңірді су тасқыны кезеңіне дайындаудың кешенді жоспарын іске асыру қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша шешімдер қабылданды және жұмыстарды орындаудың нақты мерзімдері белгіленді.
Астана қаласының аумағында Жол картасы аясында кешенді тасқынға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Атап айтқанда өзен арналарын реконструкциялау, су қорғау аймақтары мен жолақтарын ұйымдастыру, жағалау аймағын абаттандыру, қорғау бөгенінің дренаждық жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар еріген және тасқын сулардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге, халықты, инфрақұрылымды және өнеркәсіптік объектілерді қорғауға бағытталған.
Су тасқынына дайындықтың кешенді және жүйелі тәсілі көктемде тәуекелдерді азайтуға, өңірлердегі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.