Қарағанды облысының Ахмет ауылында жаңа «Ауыл құтқарушылары» өртке қарсы ерiктi құралымы ашылды

Қарағанды облысының Ахмет ауылында жаңа «Ауыл құтқарушылары» өртке қарсы ерiктi құралымы ашылды

  Қарағанды облысы Нұра ауданының Ахмет ауылында өртке қарсы ерiктi құралымдарын қолдау үшін жаңа өрт сөндіру пункті ашылды. Ол ауылдық елді мекендердегі өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін жақсарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында ашылды.

  Жоба Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Рамиль Камалов, Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.

  Жаңа өрт сөндіру пункті өңірдегі өртке қарсы инфрақұрылымды дамытудың маңызды элементіне айналды. Нысан заманауи өрт сөндіру техникасымен, байланыс құралдарымен және тәулік бойы кезекшілікке қажетті жабдықтармен жарақталған. Ол білікті жеке құраммен жасақталған және 1500-ге жуық тұрғыны бар елді мекенге қызмет көрсететін болады.

  Жыл соңына дейін Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерінде осындай тағы сегіз өрт сөндіру пунктін ашу жоспарлануда. Ал жыл басынан бері екі нысан пайдалануға берілді. Бұл шаралар өңірдегі, оның ішінде шалғай орналасқан ауылдық аумақтардағы өртке қарсы қорғаныш деңгейін айтарлықтай арттырады.

  Ауылдық жерлерде осындай нысандарды құру төтенше жағдайлардың алдын алуда маңызды рөл атқарады, қауіп-қатерге жедел ден қоюға мүмкіндік береді және азаматтардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.