«Үздік өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор» XVI республикалық конкурсы аяқталды.
Еліміздің барлық өңірлерінің үздік өрт инспекторлары өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсете отырып, біріншілік үшін күресті. Бағалау нормативтік-құқықтық базаны білуді, тексерулер жүргізу кезіндегі практикалық дағдыларды, сондай-ақ құжаттамамен жұмысты қоса алғанда бірқатар критерийлер бойынша жүргізілді.
Республикалық байқаудың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша Алматы облысы ТЖД Қарасай ауданы ТЖБ бас маманы Рүстем Раисов жеңімпаз атанды.
Екінші орын Қызылорда облысы ТЖД Сырдария ауданы ТЖБ бас маманына Әділбек Жарлықасым берілді.
Үшінші орынды Шымкент қаласы ТЖД Тұран ауданы ТЖБ бас маманы Сүйінбай Баратов иеленді.
Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев жеңімпаздарға марапаттар табыс етіп, байқаудың тәжірибе алмасу және инспекторлар арасында кәсіби құзыреттіліктің өсуін ынталандыру платформасы ретінде маңыздылығын атап өтті.
«Біздің азаматтардың қауіпсіздігі сіздердің жұмысыңызға байланысты. Мұндай конкурстар үздіктердің үздіктерін анықтауға және еліміздің барлық өрт инспекторлары үшін жоғары дәрежені бегілеуге мүмкіндік береді», - деп Ерлан Төрегелдиев атап өтті.
Үздік өрт инспекторы атағы үшін конкурс кәсіпқойлықты көтермелеу, кәсіптің беделін арттыру және өрт қадағалау қызметкерлері арасында озық тәжірибемен алмасу мақсатында жыл сайын өткізіледі.