ТЖМ құтқарушылары су айдындарында рейдтер мен патрульдеу жүргізуде

ТЖМ құтқарушылары су айдындарында рейдтер мен патрульдеу жүргізуде

  Шомылу маусымы кезінде ТЖМ құтқарушылары еліміздің су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізуде. Барлық өңірлерде профилактикалық жұмыстар жүргізілуде, түрлі қызметтердің қатысуымен патрульдеу мен рейдтер ұйымдастырылды, ұшқышсыз ұшу аппараттарын қоса алғанда, заманауи техника пайдаланылады.

  Жазғы демалыстың ең танымал орындарының бірі-Бұқтырма су қоймасының жағалауы. Мұнда күн сайын Шығыс Қазақстан облысы ТЖД құтқарушылары, ТЖМ әскери қызметшілері, көлік бақылау инспекторлары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, полиция қызметкерлері мен волонтерлер кезекшілік етеді. Судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру, сондай-ақ жабдықталмаған жерлерде шомылудың алдын алу мақсатында рейдтер жүргізіледі. Патрульдеуге жағалау аумақтарын тиімді бақылауға және бұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік беретін дрондар белсенді қолданылады.

  Жамбыл облысында Тараз қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері күн сайын тұрғындарға су айдындарында ғана емес, тұрмыста да қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады. Балаларды қорғауға ерекше назар аударылады: олардың терезелерден құлап кетуіне, қараусыз қалуына және тыйым салынған жерлерде шомылуына жол бермеу. Рейдтер барысында құтқарушылар жаднамалар таратады, азаматтарға кеңес береді, жеке және отбасылық қауіпсіздік мәселелеріне мұқият болуға шақырады.

  Демалушылар жаппай Алакөл көліне баратын кезеңде Абай облысы ТЖД қызметкерлері мен ТЖМ әскери қызметшілері жағалау аймағын патрульдеуді күшейтті. Басқа қызметтердің қатысуымен дауыс зорайтқыштар, дрондар, мобильді топтар қолданылады. Құтқарушылар күн сайын демалушыларды хабардар етеді, рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға жол берілмейтінін және суда сақ болу қажеттігін еске салады.

  Маңғыстау облысының ТЖ департаменті халықтың назарын қайықтарда, катамарандарда, SUP-тақталарда және жағалаудан алыс жүзу кезінде құтқару кеудешелерін пайдаланудың маңыздылығына аударады. Құтқарушылар құтқару жилетін кию – өмірді сақтап қалуға қабілетті қарапайым әрекет.

  Алдын алу, халықты ақпараттандыру және белсенді патрульдеу суға шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған негізгі шаралар болып табылады. ТЖМ құтқарушылары азаматтарды сақтық танытуға және жауапкершілікпен қарауға шақырады: қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау – денсаулық пен өмірді сақтап қалудың кепілі.