«Орман-2025»: ТЖМ құтқарушылары ауқымды трансшекаралық оқу-жаттығу өткізді

«Орман-2025»: ТЖМ құтқарушылары ауқымды трансшекаралық  оқу-жаттығу өткізді

  2025 жылғы 23-24 шілдеде Павлодар облысының Тереңкөл ауданында орман және дала өрттерін сөндіру бойынша «Орман-2025» ауқымды трансшекаралық оқу-жаттығуы өтті. Оқу-жаттығуды Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті Ресей ТЖМ Новосібір облысы бойынша Бас басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.

  Оқу-жаттығудың мақсаты – трансшекаралық төтенше жағдайлар туындаған кезде бірлескен ден қоюды жетілдіру. Сценарий шеңберінде жедел ақпарат алмасуға, барлық деңгейдегі іс-қимылдарды үйлестіруге, авиациялық техника мен дрондарды пайдалануға, сондай-ақ эвакуациялық іс-шараларды жүргізуге ерекше назар аударылды.

  Павлодар облысы ТЖД, орман шаруашылығының, азаматтық қорғау қызметтерінің, әкімдіктердің, полицияның күштері мен құралдары, ерікті құралымдар, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының, Қызыл Жарты Ай ҚБ бригадалары жұмылдырылды. Біріккен есептоптар өрттің қарқынды таралуы, елді мекендерге қауіп төнуі және өрттің мемлекеттік шекарадан шығуы жағдайында өзара іс-қимыл алгоритмдерін пысықтады.

  Шартты өрт найзағайдан басталып, Трофимов орманшылығының 33 орамы орманды-дала аймағындағы құрғақ өсімдіктердің өртенуіне себеп болды. Құрғақ ауа-райы мен қатты желдің әсерінен өрт тез таралып, орман алқаптары мен шекаралас аймақтарға өту қаупін тудырды. Өртті сөндіру үшін соқалы тракторлар, аспалы бүрiккiштер, хлопушкалар, сондай-ақ автоцистерналар тартылды. Өрттің периметрі бойымен минералданған жолақтар төселді, барлау үшін дрондар қолданылды, қорғаныш шекаралары құрылды, оның ішінде Сұлу-ағаш қыстағында өрттің елді мекенге өтуіне жол бермеу үшін қосымша күштер жіберілді.

  Мұндай оқу-жаттығуларды өткізу әсіресе климаттың өзгеруі, табиғи өрттердің жиілеуі және шекара аймағының жалпы ұзындығы жағдайында өзекті. Іс-қимылдардың үйлесімділігі, дайындығын тексеру және көрші елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту халықты тиімдірек қорғауға мүмкіндік береді,