«Жер-2025» РКШОЖ: Өңірлердегі тәжірибелік жаттығулар

«Жер-2025» РКШОЖ: Өңірлердегі тәжірибелік жаттығулар

  2025 жылғы 23-24 шілдеде жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің дайындығын тексеруге бағытталған «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

  Алматы қаласында қалалық құлақтандыру жүйесі тексерілді – сирена-сөйлеу сигналдары естілді, теле-және радиоарналарды ұстап қалу жүзеге асырылды. «Шин-Лайн» ЖШС базасында ағып кеткен аммиак химиялық апатын жою бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығуға жеке құрамнан 50-ден астам адам, 15 бірлік техника, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Химиялық барлау, су пердесін жасау және арнайы жабдықтың көмегімен ағып кетуді жою жүргізілді. Қаланың әлеуметтік нысандарында сейсмикалық жаттығулар, халық арасында түсіндіру жұмыстары, әскери бөлімшелер мен волонтерлердің қатысуымен мобильділігі төмен топтарды эвакуациялау жүргізілді.

  Ақмола облысында (Көкшетау қ.) жер сілкінісі салдарын жою кезіндегі күштердің өзара іс-қимылын тексеруге басты назар аударылды. Авариялық-құтқару іс-әрекеттері, кинологтармен іздестіру іс-шаралары және бөлімшелердің шығу маршруттары пысықталды.

  Атырауда далалық штаб, госпиталь, тіркеу және уақытша орналастыру пункттері ашылды. Авиацияның көмегімен шартты түрде зардап шеккендерді эвакуациялау, гидравликалық жабдықты қолдана отырып, үйінділерден құтқару жүргізілді.

  Алматы облысында облыстық сейсмикалық жаттығулар өткізілді. Тұрғын алаптары мен әлеуметтік нысандарда эвакуациялау, шартты өртті сөндіру, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету пысықталды. Барлық білім беру және денсаулық сақтау нысандарында ТЖ кезіндегі іс-қимылдар бойынша жаттығулар өтті.

  Абай облысында шұғыл ден қою жиынтық жасағына байқау жүргізілді, сондай-ақ теміржол құрамдарына инженерлік және арнайы техниканы тиеу, түсіру элементтері, азаматтық қорғау қызметтерінің жойқын жер сілкінісін жою кезіндегі өзара іс-қимылы пысықталды.

  Шығыс Қазақстан облысында құтқару іс-шараларын тәжірибелік пысықтау, шатырлы лагерьлерді өрістету, медициналық және психологиялық көмекті ұйымдастыру, теміржол арқылы инженерлік техниканың келуі жалғасты.

  Батыс Қазақстан облысында 684 адам мен 196 бірлік техниканың қатысуымен 15 практикалық іс-шара жүзеге асырылды. Уақытша орналастыру лагерлері орнатылды, денсаулық сақтау объектілерінде іс-қимылдар пысықталды.

  Оқу-жаттығу қорытындысы барлық тартылған қызметтердің іс-қимылдарының дайындығы мен үйлесімділігін растады. Нақты төтенше жағдайлар кезіндегі жұмысты одан әрі жетілдіру бағыттары айқындалды.