«Жер-2025» РКШОЖ: Апаттар медицинасы орталығы дала госпиталін орнатты

«Жер-2025» РКШОЖ: Апаттар медицинасы орталығы дала госпиталін  орнатты

  Шымкент қаласында өтіп жатқан «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының шұғыл ден қою бригадалары шартты жер сілкінісінің салдарын жою іс-шараларына жұмылдырылды.

 Оқу-жаттығу барысында орталықтың күшімен далалық жылжымалы госпиталь орнатылды, оның негізінде шартты зардап шеккендерге алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету бойынша іс-шаралар пысықталуда. Медицина қызметкерлері денсаулық сақтау министрлігінің және аумақтық төтенше жағдайлар бөлімшелерінің өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.

  Далалық госпиталь медициналық сұрыптау, шұғыл көмек көрсету және зардап шеккендерді уақытша орналастыруға қажетті жабдықтармен толық жарақталған. Оқу-жаттығу барысында жасалатын іс-әрекеттер шынайы жағдайларға барынша жақындатылған, бұл медициналық персоналдың ауқымды апаттар жағдайында ден қоюға дайындығын арттыруға мүмкіндік береді.

  Апаттар медицинасы орталығының оқу-жаттығуға қатысуы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған және медициналық бригадалардың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындығының жоғары деңгейін растайды.