Андатпа: «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы

Андатпа: «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы

  23-24 шілдеде елімізде «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

  Оқу-жаттығуды үйлестіру республикалық штабы Шымкент қаласында орналасқан.  

  24 шілдеде сағат 10:00-де жойқын жер сілкінісі болуы ықтимал еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында «Баршаның назарына!» сирена-сөйлеу құрылғылары іске қосылады, сондай-ақ адамдар көп жиналатын объектілерде сейсмикалық жаттығулар өткізіледі.                

  Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайды жоюға дайындық деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі.

  Аталмыш іс-шара республикалық және өңірлік азаматтық қорғау қызметтерінің, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, шартты түрде жойқын  сілкініс кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау арқылы өткізіледі.   

  Оның барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер мен 4 далалық медициналық аурухана көрсетілетін болады.

Аккредиттеу мәселелері бойынша

Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметіне

8 778 928 18 16 телефоны арқылы хабарласыңыздар