Тобыл қаласының «Затоболец» стадионында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының ерлер арасындағы ХХХI, әйелдер арасындағы ХI және жасөспірім ұлдар арасындағы XIV жазғы чемпионаттарының салтанатты жабылуы өтті.
Тартысты додада жеңімпаздар анықталды.
Жарыстың қорытындысы бойынша ерлер арасында жалпыкомандалық жүлдегерлер:
1 орын - Астана қаласы ТЖД құрамасы
2 орын - Ақтөбе облысы ТЖД құрамасы
3 орын - Шығыс-Қазақстан облысы ТЖД құрамасы.
Әйелдер арасында жалпыкомандалық жүлдегерлер:
1 орын - Астана қаласы ТЖД құрамасы
2 орын - Алматы қаласы ТЖД құрамасы
3 орын - Түркістан облысы ТЖД құрамасы.
Жасөспірім ұлдар арасында жалпыкомандалық жүлдегерлер:
1 орын - Шығыс-Қазақстан облысы
2 орын - Ақтөбе облысы
3 орын - Батыс-Қазақстан облысы ТЖД құрамасы.
Жазғы чемпионаттардың қорытындысы бойынша алдағы уақытта болатын Әлем чемпмонаттарына дайындық жұмыстарын бастау мақсатында, ҚР алдын ала ұлттық құрама командалары іріктелді.