Өрт-құтқару спортынан жазғы республикалық чемпионаттың екінші күні жасөспірімдер арасындағы шабуыл сатысымен көтерілу және ерлер мен әйелдер арасындағы кедергілері бар 100 метрлік жолақты еңсеру атты екі тартысты және әсерлі жаттығуға арналды.
Қатысушылар кедергілерден ғана өтіп қоймай, техникалық әрекеттерді де нақты орындауы қажет болды: жеңқұбырды жаю, оқпанды қосу және мәрені мейлінше тиімділікпен кесіп өту. Жүлделі орындар үшін күрес соңғы секундтарға дейін жалғасты.
Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірім ұлдар арасындағы Қазақстан Республикасының XIV жазғы чемпионатының екінші кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері!
Кіші топ жасөспірімдер арасында (14 жас және одан кіші):
1 орын - Назар Ефремов, Астана қаласы
2 орын - Рыбалкин Дмитрий, Ақмола облысы
3 орын - Матвиенко Роман, Жетісу облысы
Орта топтағы жасөспірімдер арасында (15-16 жас):
1 орын - Боков Никита, ШҚО
2 орын - Абаев Амір, Ақтөбе облысы
3 орын - Черевко Даниил, Павлодар облысы
Аға топ жасөспірімдер арасында (17-18 жас):
1 орын - Каримов Радмир, ШҚО
2 орын - Немтинов Даниил, Жетісу облысы
3 орын - Мұратұлы Юсуф, Астана қаласы
100 метрлік кедергілері бар жолақ дисциплинасында Қазақстан Республикасының өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XI әйелдер арасындағы жазғы чемпионатының екінші кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері!
1 орын - Реджеметова Ситора, Түркістан облысы
2 орын - Сыромяжко Юлия, Астана қаласы
3 орын - Сұлтанова Айжан, Түркістан облысы
100 метрлік кедергілері бар жолақ дисциплинасында Қазақстан Республикасының өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XXXI ерлер арасындағы жазғы чемпионатының екінші кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері!
1 орын-Мауланов Сарвар, Шымкент қаласы
2 орын-Снегирев Дмитрий, Астана қаласы
3 орын-Мұхамедали Асхат, Ақмола облысы.
Ертең жарыс 4х100 метрл өрт эстафетасы бойынша жалғасады.
Жарыстар жанкүйерлер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің зор қызығушылығын тудырды. Чемпионат барысын республикалық, облыстық, жергілікті және халықаралық БАҚ өкілдері де қарады.
Чемпионат жалғасуда. Алда спортшыларды командалық кезеңдер күтіп тұр, онда үйлесімді әрекет, дұрыс стратегия және командалық рух шешуші рөлді атқарады.