2025 жылғы 16 шілдеде Қостанай облысы Тобыл қаласының «Затоболец» стадионында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XXXI ерлер арасындағы, XI әйелдер арасындағы және XIV жасөспірім ұлдар арасындағы Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаттарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шара мерекелік әрі салтанатты түрде өтіп, еліміздің барлық өңірінен келген өрт сөндіру-құтқару спортынан үздік спортшыларын біріктірді.
Чемпионаттарға еліміздің облыстары мен қалаларының құрама командалары қатысуда. Ең мықты деген атақ үшін 500-ге жуық спортшы төрт дисциплина: шабуыл сатысымен көтерілу, кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту, 4х100м өрт эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю бойынша бақ сынайды.
Салтанатты ашылу аясында ерлер мен әйелдер арасында шабуыл сатысымен көтерілу бойынша жартылай финалдық және финалдық жарыстар өтті.
ТЖ вице-министрі генерал-майор Рамиль Камалов, Қостанай облысының әкімі орынбасары Берік Таңжарықов, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Даурен Данаев және Қостанай облысы азаматтық қорғау органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Александр Мельников жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.
Қатысушылар тек спорттық шеберлігін ғана емес, сондай-ақ өрт-құтқару қызметіне тән батылдық пен жылдамдықты паш етуде.
Ерлер арасында шабуыл сатысы бойынша жүлдегерлер:
1 орын - Жанғали Назар (Ақтөбе облысы)
2 орын - Қонысбаев Абай (Маңғыстау облысы)
3 орын - Ерсаинов Даурен (Атырау облысы)
Әйелдер арасында шабуыл сатысы бойынша:
1 орын - Аленина Регина (Алматы қаласы)
2 орын - Салмина Валентина (Шымкент қаласы)
3 орын - Подгородецкая Кристина (Астана қаласы)
Кіші топ жасөспірім ұлдар арасында 100м кедергілері бар жолақ бойынша:
1 орын - Елеусізов Әлинұр (Абай облысы)
2 орын - Матвиенко Роман (Область Жетісу)
3 орын - Рыбалкин Дмитрий (Акмолинская область)
Орта топ жасөспірім ұлдар арасында 100м кедергілері бар жолақ бойынша:
1 орын - Шевцов Кирилл (Шымкент
2 орын - Виноградов Артём (ШҚО)
3 орын - Боков Никита (ШҚО)
Аға топ жасөспірім ұлдар арасында 100м кедергілері бар жолақ бойынша:
1 орын - Каримов Радмир (ШҚО)
2 орын - Колмаков Глеб (ШҚО)
3 орын - Нұрмаш Ернұр (Жамбыл облысы)
17 шілдеде жарыс кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту және шабуыл сатысымен көтерілу дисциплиналары бойынша өтеді.