Аңдатпа: Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаттары

Аңдатпа: Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаттары

  2025 жылғы 16-19 шілде аралығында Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XXXI ерлер арасындағы, XI әйелдер арасындағы және XIV жасөспірім ұлдар арасындағы Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаттары өтеді. 

  Чемпионаттарға еліміздің облыстары мен қалаларының құрама командалары қатысады. Ең мықты деген атақ үшін 500-ге жуық спортшы төрт дисциплина: шабуыл сатысымен көтерілу, кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту, 4х100м өрт эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю бойынша бақ сынайды.

  Жазғы чемпионаттардың қорытындысына сәйкес өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР ұлттық құрама командалары құрылады.

 

Аккредиттеу мәселелері бойынша

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметіне

8 771 328 16 40 нөмірі арқылы хабарласыңыздар