Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы: Өрт қауіпті кезеңдегі ТЖМ шаралары

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы: Өрт қауіпті кезеңдегі ТЖМ шаралары

  2025 жылғы 3 шілдеде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Өрт қауіпті кезеңде қабылданып жатқан шаралар туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Спикер ретінде ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Аблайұлы Төрегелдиев сөз сөйледі.

  Спикер Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи өрттердің алдын алу және халықты қорғау бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын атап өтті.

  Өрттің алдын алып, ерте анықтауға басты назар аударылуда. «Орман» және «Табиғат» ақпараттық жүйелері, орман шаруашылықтарының бейнебақылау деректері, космомониторинг және геоақпараттық жүйе арқылы тәулік бойы мониторинг жүргізіледі.

  Орман алқаптарында су төгу құрылғылары бар әуе кемелері кезекшілік атқарады.

  26 орманшылықта министрліктің күштері 36 механикаландырылған күзет бекетін құрды.

  Табиғи өрттердің алдын алудың жаңа моделі өрт санын барынша азайтуға мүмкіндік берді. 

  Еліміздің орман-дала алқаптарында алдын алу шараларын жүргізу үшін Төтенше жағдайлар министрлігі, полиция және орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері қатарынан мобильдік топтар құрылды. Өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылықтары үшін 3397 астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  Шаруа қожалықтарында нұсқамалар өткізілуде.

  Трансшекаралық ынтымақтастық шеңберінде Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанмен бірлескен оқу-жаттығулар өткізілді.

  Орман шаруашылығы мекемелерімен 300 астам өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

  Ауылдық аудандарды қорғау деңгейін арттыру мақсатында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы іске асырылуда. Жаңа форматта қажетті техникамен, жабдықтармен және киім-кешекпен қамтамасыз етілген, 11 өрт сөндіру бекеті ашылды. Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктер құратын өрт сөндіру бекеттері үшін өрт техникасын беруді жүзеге асыруда.

  Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері барлығы 261 орман өрті болды. Сондай-ақ 16 дала өрті және 1357 жану оқиғасы тіркелген.

  Қазіргі уақытта өрт қауіпті кезеңі қызу жүріп жатыр. Елдің бірқатар өңірінде  өрт қаупі дәрежесі сақталуда. Осыған байланысты өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырамыз.

  Өрт қаупі жоғары кезеңде елді мекендерде, ормандарда, егін жанында от жағуға тыйым салынады. Сіріңке мен темекіні сөндірмей тастамаңыздар шыны заттарды лақтырмаңыздар. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз және олардың отпен ойнауына жол бермеңіздер. Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыздар.