Сел қаупі бар кезең басталғалы жүргізіліп жатқан алдын алу іс-шаралары

Сел қаупі бар кезең басталғалы жүргізіліп жатқан  алдын алу іс-шаралары

  Сел қаупі бар кезеңнің басталуына байланысты ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ сел жағдайына жедел мониторинг жүргізу үшін тауларда маусымдық бақылау бекеттерін ашады.

  «Қазселденқорғау» ММ мамандары «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8 тікұшағында Іле Алатауы жотасының бассейндері бойында биік және орта таулы бақылау гидробекетерін тасымалдау мен ашу жұмыстарын жүргізді.

  Бекеттер гидрометеорологиялық аспаптармен және радиобайланыс құралдарымен жабдықталған. Деректер тәулігіне үш рет, жағдай қиындаған кезде — күшейтілген режимде беріледі.

  Сонымен қатар сел жағдайын фондық бағалауды анықтау, мұздақ-мұздық кешендерді зерттеу және Іле Алатау жотасындағы сел ойықтары мен ошақтарын талдау мақсатында аэровизуалды тексеру жүргізілді.

  Бақылау бекеттерінің деректері бойынша бүгінгі күні «Қазселденқорғау» қызмет көрсететін аумақтарда тұрақты сел жағдайы сақталуда. Алайда температураның жоғарылауы және қатты жауын-шашын сел құбылыстарының пайда болу қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.

  Биылғы шілде мен қыркүйекке дейінгі аралықта сел қаупі бар кезеңнің өтуі жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес су деңгейін қауіпсіз белгілерге дейін азайтудың алдын алу жұмыстарын 15 мұздақ көлде жүргізу жоспарлануда.