ТЖМ басшысы Макинскідегі әмбебап өрт-құтқару бөлімінде болды

ТЖМ басшысы Макинскідегі әмбебап өрт-құтқару бөлімінде болды

  Ақмола облысына жұмыс сапары аясында ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Макинск қаласында орналасқан әмбебап өрт-құтқару бөлімшесінде болды.

  Сапар барысында ол жеке құрам қызметінің жағдайымен танысып, техникалық жабдықталуын бағалады. Шыңғыс Әрінов бөлімше аумағындағы абаттандыру жұмыстарының барысына ерекше назар аударды. Соңғы айларда мұнда жаңа асфальт төселді, жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылды және қызмет атқару үшін жағдай жақсартылды.

  Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 500-ге жуық ағаш пен сәндік өсімдіктер отырғызылды.