Азаматтық қорғау академиясы – ТЖМ кадрлық әлеуетінің тірегі

Азаматтық қорғау академиясы – ТЖМ кадрлық әлеуетінің тірегі

  Ақмола облысына сапары аясында Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына барды. Сапар барысында ол мекеменің жеке құрамымен кездесу өткізіп,  курсанттардың оқу үдерісімен және тұру жағдайымен танысты.

  Министр мемлекет азаматтық қорғау қызметкерлерінің жалақысын көтеру және әлеуметтік қамсыздандыруды жақсарту шаралары дәйекті түрде іске асырып жатқанын атап өтті. Бұл азаматтық қорғау жүйесінің кадрлық әлеуетін нығайту жөніндегі кең стратегияның бір бөлігі болып табылады.

  Көкшетауда салынып жатқан Академияның жаңа заманауи оқу кешенін құрылысының мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен Азаматтық қорғау академиясының құрылыс жобасы мемлекеттік деңгейде қолдау тапты.

  «Бүгінде азаматтық қорғау жүйесінің мықты кәсіби негізін қалыптастыру бұрынғыдан да маңызды. Мемлекет жалақыны көтеру, әлеуметтік кепілдіктер беру және қызмет көрсету жағдайын жақсарту бойынша жүйелі шаралар қолданады. Мұның барлығы - кадрлық әлеуетті нығайту және құтқарушы мамандығының беделін арттыру стратегиясының ажырамас бөлігі.  Академияның жаңа кешені уақыт талабына сай мамандар даярлауға қабілетті заманауи білім беру алаңына айналады», - деп министр атап өтті.

  Кездесуден кейін министр Сарыарқа шағын ауданындағы 15 гектар жер учаскесіне барды, онда жаңа инфрақұрылым: оқу және әкімшілік ғимараттар, спорт нысандары, заманауи жатақханалар мен мәдени-демалыс орталығын салу жоспарлануда.

  Министрге болашақ сәулет тұжырымдамасы мен жаңа буын мамандарын даярлауға арналған функционалдық шешімдерді көрсететін жобалау-сметалық құжаттама ұсынылды.

  Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы ТЖМ кәсіби кадрлық резервін қалыптастыруда шешуші рөл атқаруда.