ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады

  Ауа райының ыстық болуына және осы ауа температурасының одан әрі сақталуына байланысты елдің бірқатар аймақтарында өрт қаупі дәрежесі жоғары болады.

  Төтенше жағдайлар қаупін болдырмау үшін Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады.

  Өрт көздеріне өте мұқият болыңыздар! Тіпті кішкене ұшқын да үлкен өртке әкелуі мүмкін.

  Өрт қаупі жоғары кезеңде елді мекендерде, ормандарда, егін жанында от жағуға тыйым салынады.

  Сіріңке мен темекіні сөндірмей тастамаңыздар шыны заттарды лақтырмаңыздар.

  Электр сымдары мен газ жабдықтарының жарамды болуын тексеріңіздер.

  Балаларды қараусыз қалдырмаңыз және олардың отпен ойнауына жол бермеңіздер.

  Өрт болған жағдайда дереу жүз бір немесе жүз он екі нөміріне хабарлаңыз.

  Қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұстану мүлікті қорғап, өмірді сақтауға көмектеседі.