Жаз – лагерьлерде, санаторийлерде және туристік базаларда алаңсыз демалу және сауықтыру уақыты.
Осы объектілердегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері барлық мүдделі қызметтер тарапынан ерекше бақылауды және ерекше назар аударуды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі туристік базаларда, демалыс үйлерінде, пансионаттарда, сауықтыру лагерлерінде және басқа да жазғы демалыс орындарында өрт профилактикасы бойынша іс-шараларды алдын ала бастады және жалғастыруда.
ТЖМ есебінде барлығы 1 862 демалыс орны бар, оның 457 жоғары тәуекел дәрежесіне, 1 405 - орташаға жатқызылған. Қазірдің өзінде профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарының 261 бұзылуы анықталды. Нысан басшыларына бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар табыс етілді.
Өз кезегінде ТЖМ туристік орындарында өртке қарсы қорғау шараларын күшейтті – азаматтардың жаппай демалу орындарында жедел ден қоюды және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету үшін уақытша өрт бекеттері ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, ТЖМ қызметкерлері балалар лагерлері мен демалыс үйлеріне барып, балалармен қауіпсіздік шаралары, алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері бойынша оқыту іс-шараларын өткізуде.
ТЖМ өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауды еске салады және демалыс орындарының басшылары мен иелерін өз объектілерінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге шақырады.
Орман алқаптарында немесе оларға жақын орналасқан жазғы демалыс орындарының аумағында ені кемінде төрт метр минералданған өртке қарсы жолақтардың құрылысын көздеу қажет. Аумақты жанғыш қалдықтардан, қоқыстардан және құрғақ шөптерден тазарту керек.
Сондай-ақ, өртке қарсы сумен қамтамасыз ету және ағаш конструкцияларды отқа төзімді өңдеу маңызды. Өрт автоматикасы жүйесінің жай-күйіне ерекше назар аударып, электр жабдығының жай-күйін тексеру, ғимараттардың терезелеріне торларды орнатуға және эвакуациялық шығулардың бітелуіне жол бермеу керек.