Шомылу маусымы кезеңінде еліміздің өңірлерінде судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу жұмыстары белсенді жүргізілуде. ТЖМ қызметкерлері полиция, прокуратура, көлік инспекциясы, жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен және волонтерлермен бірлесіп су айдындарының маңында профилактикалық рейдтер, патрульдеу және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Мәселен Алматы облысында ТЖД қызметкерлері Қапшағай су қоймасының коммуналдық жағажайларында бірлескен түнгі рейд жүргізді. Қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілері тіркелді: алты адам тыйым салынған уақытта шомылды. Бұзушыларға ықтимал тәуекелдер түсіндірілді, әкімшілік хаттамалар жасалды. Рейдтік іс-шаралар өткізілгеннен кейін жағажай аумағында демалушылар қалмады, құқық бұзушылар акваториядан кетті. Рейдтер заманауи технологияларды: қараңғыда шомылған адамдарды анықтау және демалушыларды нақты уақыт режимінде қауіпсіздік шаралары туралы ескерту үшін дауыс зорайтқышы бар дрон мен тепловизорлар қолданды.
Мұндай шаралар басқа өңірлерде де белсенді жүзеге асырылуда:
Жетісу облысында ТЖД қызметкерлері су айдындарында кезекті рейдтер өткізді, қауіпсіздік ережелері және алғашқы көмек көрсету туралы түсіндірді. Ұлытау облысында Жезқазған қаласының құтқарушылары прокуратурамен бірлесіп Кеңгір су қоймасы бойында алдын алу және азаматтарға су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шығыс Қазақстан облысында жаппай демалуға арналған учаскелер, шомылуға тыйым салынған және шағын көлемді кемелермен серуендеу орындары анықталды. Шомылу маусымы басталғаннан бері ТЖД құтқарушылары полиция қызметкерлерімен және волонтерлермен бірлесіп су айдындарында профилактиканы жандандырды.
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны немесе орындамағаны үшін жауапты адамдар мен азаматтар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
ТЖМ азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін қатаң сақтауға шақырады: тыйым салынған жерлерде және түнде шомылмаңыз, құтқару құралдарын пайдаланыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Тек бірлескен жауапкершілік пен қырағылық өмірді сақтауға және жазғы демалысты қауіпсіз етуге көмектеседі.