ТЖМ қызметкерлерін әлеуметтік қолдау: Жаңа қызметтік үйдегі қоныс тойы

ТЖМ қызметкерлерін әлеуметтік қолдау: Жаңа қызметтік үйдегі қоныс тойы

  Қазақстан ТЖМ қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру аясында Мәртөк құтқарушылары үшін жаңа қызметтік үйде қоныс тойы өтті.

  ТЖМ басшысы генерал-майор Шыңғыс Әрінов қызметкерлерді көшіп келуімен құттықтап, амандық тіледі, адал қызметі үшін алғысын білдірді.

  Жаңа екі пәтерлі жеке қызметтік үй жайлы тұрудың заманауи талаптарына толық сәйкес келеді.

  Өз өмірін халықты қорғауға және төтенше жағдайлардың салдарын жоюға арнаған қызметкерлер жаңа тұрғын үйдің кілтін алды.

  Министр әлеуметтік қорғалу деңгейін арттырудың маңыздылығын атап өтті:

  «Біз құтқарушыларымыз үшін лайықты өмір сүру жағдайын жасауға тырысамыз. Мұндай қадамдар мамандыққа деген сенімді нығайтады және қызметтің беделін көтереді», - деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.

  Қазақстан ТЖМ өртке қарсы инфрақұрылымды жаңғырту, қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және еліміздің түкпір-түкпірінде азаматтық қорғаудың тұрақты жүйесін дамыту жөніндегі кешенді жұмысты жалғастырады.