Қазақстан ТЖМ құтқарушылары кезекті рет жеңіс тұғырында

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары кезекті рет жеңіс тұғырында

  Астана қаласы ТЖД №17 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушысы Баққуар Хамзе «Karaganda BJJ Open Championship» Х мерейтойлық турнирінде жеңіске жетті.

  Бұл сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден келген 1400 мықты спортшы қатысты. Қатысушылар бірнеше салмақ дәрежелері бойынша бақ сынады. Баққуар 85 кг бойынша барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иеленді.

  Баққуар Хамзе – он жылдан бері құтқару қызметінде еңбек етіп жүрген тәжірибелі маман. Күнделікті қауіпті әрі жауапты қызметіне қарамастан, ол спорттан да қол үзбей, джиу-джитсу спорт түрін кәсіби деңгейде меңгеріп келеді.

  Құтқарушының жетістіктері өте көп. Баққуар джиу-джитсудан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, сондай-ақ грепплингтен ҚР спорт шебері. Джиу-джитсудан 2 дүркін әлем чемпионы, ұлттық құраманың мүшесі, Қазақстан кубогының бірнеше дүркін чемпионы, грепплингтен Қазақстан Кубогының чемпионы. Джиу-джитсудан бірнеше дүркін Азия чемпионы және жүлдегері. Жауынгерлік самбодан ҚР чемпионы және жүлдегері кәсіби панкратионнан әлем чемпионатының финалисі.

  Сонымен қатар ТЖМ әскери қызметкері әлем чемпионы атанды. ТЖМ Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімінің байланыс торабының аға маманы Әлихан Оздоев өз салмақ дәрежесінде кикбоксингтен әлем кубогының жеңімпазы атанды. Анталия қаласында (Түркия) ол төрт рет жекпе-жекке шығып, қарсыластарын жеңіп, халықаралық аренада Қазақстанның туын көтерді.

  Олар құтқарушы мамандығын абыроймен атқарып жүрген спорттағы жеңісі – жас буынға үлгі боларлықтай. Спортшыларды ерекше жетістіктерімен құттықтаймыз!