2025 жылғы 2-4 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің делегациясы Әзербайжандағы Баку энергетикалық апталығы шеңберінде өткен «Каспий мұнайы мен газы» 30-шы мерейтойлық халықаралық көрмесіне қатысты.
Қазақстандық тарапты Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішев, «Теңіз жасағы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Берік Бисалиев және жетекшілік ететін бағыттар бойынша жауапты лауазымды тұлғалар басқарды.
Көрме аясында ТЖМ өкілдері Каспий маңы мемлекеттерінің әріптестерімен, халықаралық серіктестермен және бейінді ұйымдармен кездесулер өткізді, мұнайдың авариялық төгінділерінің алдын алу мен оларды жою, сондай-ақ мұнай-газ секторында экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.
Қазақстандық делегация теңіздегі төтенше жағдайларға ден қоюда ведомствоаралық өзара іс-қимылға, техникалық жарақтандыруға және инновациялық тәсілдерге ерекше назар аударды.
Вице-министр каспий өңірін орнықты және қауіпсіз дамытудың маңыздылығын атап өтіп, ТЖ саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді.
Қазақстан ТЖМ осындай ірі халықаралық форумға қатысуы елдің тұрақты даму, экологиялық қауіпсіздік және мұнай-газ саласындағы қазіргі әлемнің қауіп-қатерлерге тиімді ден қою қағидаттарына бейімділігін атап көрсетеді.