Жаз – өрт қаупі жоғары уақыт. Осы кезеңдегі өрттің негізгі себептері - от жағу, сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелер, шөптер мен қоқысты рұқсатсыз жағу, балалардың отпен ойнауы.
Кішкентай алау, қоқысты немесе құрғақ шөпті жағу үлкен өртке әкеп соғуы мүмкін. Өрттің шығуын тоқтату қиын, ол ғимараттарға, көліктерге таралуы, адамның жарақаттануына және өліміне әкелуі мүмкін.
Қазіргі уақытта елдің бірнеше аймақтарында ыстық және құрғақ ауа-райы туралы дауылды ескертулер жарияланды және сақталады. Бірнеше күн бойы жоғары өрт қаупі болады деп күтілуде.
Төтенше жағдайлар министрлігі тәулік бойы өрт жағдайының мониторингі бойынша іс-шаралар жүргізуде. Орман алқаптары бар өңірлерде әуе кемелерінің кезекшілігі ұйымдастырылды, ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды, өрт күзеттері қойылды.
Қазақстан ТЖМ өрттерге жедел ден қоюға дайын, бірақ қауіпсіздік азаматтардың санасына және өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуына да байланысты екенін еске саламыз.
Өрт қаупі жоғары кезеңде өрт көздеріне, әсіресе орман және дала алқаптарына ерекше назар аударуға шақырамыз.
Шұғыл қажеттіліксіз от жағуға болмайды. Егер от қажет болса, оның қауіпсіз жерде жанғанына көз жеткізіңіз. Өртті бақылауды қамтамасыз етіңіз, оны үнемі қадағалап отыру керек. Оны қолданғаннан кейін оттың толығымен сөндірілгеніне көз жеткізіңіз.
Егер сіз өрттің куәгері болсаңыз немесе түтінді байқасаңыз, дереу 112 немесе 101 телефондары арқылы хабарлаңыз.