Қазақстан ТЖМ-де американдық Kinemetrix компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

Қазақстан ТЖМ-де американдық Kinemetrix компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

  Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен 50 жылдан астам уақыт бойы сейсмикалық және сел құбылыстарын зерттеу, тіркеу, ден қою және болжау саласындағы жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізуші болып табылатын американдық Kinemetrix компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

 Осы фирма компаниясының сейсмикалық жабдықтары 2018 мен 2024 жылдар аралығында сәтті жұмыс істеп, Марс бетінен көрсеткіштер берді. Келесі жылы осындай жабдықты Ай бетіне жеткізу жоспарлануда.

  Компания АҚШ пен Еуропада іске асырылған кейстерді, сондай-ақ Aspen деректерін жинау, сақтау және өңдеу жүйесін таныстырды. Бұл жүйе әртүрлі датчиктерден (акселерометрлер, судың қозғалысы, лайлануы, температурасы және басқалар) онлайн режимінде ақпарат жинауға, параметрлерден асып кеткен жағдайда сыни болжамды деректермен салыстыруға, берілген аумақта жойылу қаупі туралы ескертуге мүмкіндік береді.

  Қазақстан ТЖМ сейсмология саласында Kinemetrix компаниясымен ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.