2025 жылғы 30 мамыр мен 2 маусым аралығында Бурса қаласында (Түркия) қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының құрамында Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесінің өкілдері — республикалық және халықаралық деңгейлерде жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізген аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері өнер көрсетеді.
ТЖМ басшысы генерал-майор Шыңғыс Әрінов алдағы чемпионат қарсаңында спортшылармен жылы және достық кездесу өткізді. Ол қолдау сөздерін білдіріп, спортшыларға сенімділік, күш пен жеңіс тіледі.
«Сіздердің әрқайсыларыңыз спорт қауымдастығы мен ТЖМ жүйесінің абыройын қорғайсыздар. Сіздер күш, ерік пен патриотизмнің үлгісісіздер. Өздеріңізге және командаға сеніңіздер. Біз Сіздерді мақтан тұтамыз, жеңісті күнде жүздескенше!», - деп министр тілек білдірді.
Команданың қатысуы және дайындықты ұйымдастыру министрдің бастамасы мен бір жыл бұрын ТЖМ жүйесінде қызметкерлер арасында жауынгерлік спорт түрлерін қолдау үшін құрылған «Batyr team» спорт клубының жұмысы арқасында мүмкін болды. Клубта кәсіби тәлімгерлер, жаттықтырушылар және үйлестірушілер жұмыс істейді, бұл спортшыларға жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Халықаралық спорт аренасында Қазақстан атынан қатысатын ТЖМ құрамасы, олар қоян-қолтық жекпе-жектен Азия және Қазақстан чемпионы Мария Чеботарева, қоян-қолтық жекпе-жектен бес дүркін Қазақстан чемпионы, Әлем чемпионатының финалисті және Gamma MMA бойынша Азия чемпионы Томирис Жүсіпова, қоян-қолтық жекпе-жектен Қазақстан чемпионы Аружан Беркінбаева, қоян-қолтық жекпе-жектен жастар арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы Әйгерім Жарасова, унифайттан Қазақстан чемпионаттарының, қоян-қолтық жекпе-жектен Азия чемпионаты мен әлем Кубогының қатысушысы Ақерке Жұмаділова, Павлодар облысы бойынша қоян-қолтық жекпе-жек федерациясының президенті, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сергей Уолтер. Құрамамен клубтың атқарушы директоры Әділ Қайырбаев, жаттықтырушының көмекшісі Ілияс Сарғазин мен Медет Төлеуов бірге жүр.
«Чемпионатқа дайындық «Batyr team» клубының кәсіби командасының арқасында жоғары деңгейде өтті. Біз Қазақстанды халықаралық аренада лайықты таныстыру үшін барынша күш салдық. Министр генерал-майор Шыңғыс Әріновке қолдау мен көңіл бөлгені үшін ерекше алғысымызды білдіргіміз келеді. Оның командаға деген сенімі күшті мотивацияға айналды. Біздің артымызда тек спорт клубы ғана емес, бүкіл ТЖМ жүйесі тұрғанын сеземіз. Біз жекпе - жекке дайынбыз, өзімізге чемпион боламыз және Қазақстанның туын көтереміз деп сенеміз», - деп Мария Чеботарева атап өтті.
Төтенше жағдайлар министрлігі спортшыларға сәттілік, жарқын жекпе-жек және Қазақстанның әлемдік аренада лайықты өнер көрсетуін тілейді.