Қазақстан мен Канада авиациялық қауіпсіздік және ТЖ саласындағы мәселелерді талқылады

Қазақстан мен Канада авиациялық қауіпсіздік және ТЖ саласындағы мәселелерді талқылады

  Қазақстан ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Кристофер Дагганмен жұмыс кездесуі өтті.

  Талқылаудың негізгі тақырыбы авиациялық қауіпсіздік және төтенше жағдайларға ден қою саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері болды. Табиғи өрттерді сөндіруде және санитарлық авиацияда заманауи авиациялық техниканы қолдану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

  Кездесу аясында канадалық De Havilland Aircraft of Canada авиакомпаниясы күрделі климаттық және географиялық жағдайларда өрт сөндіру және эвакуациялық операцияларға арналған арнайы әуе кемелерін ұсынды. Осы техниканы Қазақстанның азаматтық қорғау қызметтерінің алдында тұрған міндеттерге бейімдеудің техникалық мүмкіндіктері талқыланды.

  Кездесу екі ел арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы практикалық ынтымақтастық пен озық технологиялармен алмасуды кеңейтудегі маңызды кезең болды.