29 мамырда ТЖМ үйлестіруімен ауқымды балаларға арналған іс-шаралары өтеді

29 мамырда ТЖМ үйлестіруімен ауқымды балаларға арналған іс-шаралары өтеді

  Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасы аясында елімізде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан балалары» атты ауқымды мереке өтеді.

  29 мамырда ТЖМ іс-шаралары еліміздің барлық өңірлерінде «Балалардың қауіпсіздігі-басты назарда» ұранымен өтеді.

  Бұл күні барлық өңірлерде балаларға арналған шеберлік сыныптары, конкурстар, ойындар, оқу-жаттығу сабақтары, құтқару бөлімшелеріне экскурсиялар, заманауи құтқару құралдарын, техника мен жабдықтарды көрсету және т. б. ұйымдастырылады.

  Іс - шаралардың негізгі мақсаты-балаларда қауіпсіздік, адамгершілік және патриотизм мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайлардағы мінез-құлық ережелерінің маңыздылығын түсіну, алғашқы көмек көрсету дағдыларын дамыту, жарақаттану мен өлімнің алдын алу.