Қазақстан ТЖМ инклюзивті қорғау шараларын енгізуде

Қазақстан ТЖМ инклюзивті қорғау шараларын енгізуде

  Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Кеген Тұрсынбаев министрдің инклюзия мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Меруерт Құлахметовамен жұмыс кездесуін өткізді.

  Мүгедектігі бар адамдардың төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздігі басты назарда. Вице-министр азаматтардың осал топтарын қорғауды қамтамасыз ету ТЖМ басшысының жеке бақылауында екенін атап өтті. Мүгедек адамдарды эвакуациялау және құтқару ерекшеліктерін ескере отырып, құтқарушыларды даярлау тұжырымдамасы, сондай-ақ ден қою уақытын қысқарту шаралары әзірленді. Инфрақұрылымды бейімдеу – мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ғимараттар мен эвакуациялық маршруттарды жобалау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

  Қазақстан ТЖМ халықты, оның ішінде ТЖ кезінде мүгедектігі бар адамдарды қорғауға бағытталған барлық шаралар кешенін қабылдауда. «Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кезінде мүгедектігі бар адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» бекітілді. Нашар көретін адамдар үшін ТЖ кезіндегі іс-қимылдар бойынша бейімделген жаднамалар әзірленді.

  ТЖ-да зардап шеккен халықты жинау, қабылдау эвакуациялық және қабылдау пункттеріне, әсіресе мүгедектігі бар адамдарға қойылатын талаптарды регламенттейтін 2 ұлттық стандарт әзірленді. Халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды ақпараттандыру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларына өңірлік ТЖД-да оқуға жататын тыңдаушылар тізбесіне мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері енгізілді.

  ТЖМ «Кедергісіз KZ» мүгедектігі бар адамдар қоғамы» қоғамдық бірлестігімен меморандумға қол қойды. Меморандумның бір аспектісі-мүгедектер мен олардың көмекшілері үшін арнайы бағдарламалар жасау болып табылады. Бұл бағдарламалар ТЖ кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын үйретуге ғана емес, әртүрлі қауіптер туындаған кезде дұрыс әрекет ету алгоритмдерін қалыптастыруға да көмектеседі.

  Меруерт Амандыққызы ТЖМ-мен өзара іс-қимылдың, атап айтқанда медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері үшін оқыту бағдарламаларын әзірлеудің оң динамикасын атап өтті.

  Кездесу соңында Кеген Тұрсынбаев Қазақстан ТЖМ төтенше жағдайлар кезінде азаматтардың осал топтарын қорғау бойынша кешенді шараларды белсенді енгізуді жалғастыратынын атап өтті. Жауапты бөлімшелерге консультациялық қолдау мен тәжірибе алмасуды күшейту тапсырылды.