Орманды дала алқаптарында патрульдеу өткізілуде

Орманды дала алқаптарында патрульдеу өткізілуде

  ТЖМ табиғи өрттердің туындау қаупін болдырмау және азайту мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп алдын алу іс-шаралары кешенін өткізуде.

  Азаматтарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру және оларды бұзудың жолын кесу үшін ТЖМ, полиция, орман инспекциясы және әкімдіктер қызметкерлерінен құралған мобильдік топтар орманды дала алқаптарында рейдтер мен патрульдеу жүргізеді.

  Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 4 мыңнан астам бірлескен рейд пен патрульдеу жүргізілді. Жаппай демалу орындарында демалушылармен ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелері және өрт анықталған жағдайда әрекеттер туралы әңгімелесулер өткізіледі.

  Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін 1 942 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  ТЖМ азаматтарды табиғатта болған кезде өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады.

  Өрт қауіпті кезеңде шөпті жағуға, ормандарда, қалың бұталарда, егістік жанында от жағуға тыйым салынады. Сөндірілмеген сіріңкелерді, темекі тұқылдарын, шыны заттарды және өздігінен жанатын материалдарды тастамаңыздар.

  Өрт белгілері анықталған жағдайларда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.