Баланы құтқарғаны үшін ҚР ТЖМ медалімен студент марапатталды

Баланы құтқарғаны үшін ҚР ТЖМ медалімен студент марапатталды

  ҚР ТЖ Министрінің бұйрығымен суға батып бара жатқан баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы , жанқиярлығы үшін, Қазақстан-Америка Еркін университетінің 2 курс студенті Ерасыл Омарханов «Суға батқандарды құтқары үшін» медалімен марапатталды.


  Ведомстволық наградасын ШҚО ТЖД бастығы Рашид Белялов табыстады.


  Естеріңізге сала кетейік, оқиға 2025 жылдың 13 мамырында Ерасыл Омарханов Үлбі өзенінде суға батып бара жатқан баланы құтқарған кезде болған. Бала әпкесімен өзен жағасында серуендеп жүрген кезде, суға құлап кеткен, судың ағыс оны алып кете бастаған. Ерасыл дер кезінде қасында болып, баланы құтқарып қалды.


«Қазақстан Республикасы ТЖ Министрінің атынан көрсеткен ерлігі үшін алғыс айтамыз! Көмек қолын созу-нағыз құрметке лайық ең маңызды адами қасиет. Мұндай қимылға бәрі бірдей қабілетті емес. Біздің өңірде осындай батырлар бар екеніне қуаныштымын. Өскелең ұрпақтың лайықты үлгі алатын адамы бар!»- деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.